Алматы облысында 15-20 м/с-қа жел күшейіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с-қа дейін барады. Жамбыл облысының бірқатар жерлерінде боран соғып, тұман болады, желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін барады. Оңтүстік Қазақстан облысының кебір аймақтарында боран соғып, тұман болады, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Қарағанды облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының бірқатар жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Қызылорда облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Түнде Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде қатты аяз болады деп күтілуде.