Республиканың бірқатар облыстарында жол жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты республиканың бірқатар аймағында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Сарыөзек-Көктал» а/ж (40-80 шақырымы) жүк тасымалдайтын көліктерге шектеу қойылды.

Сондай-ақ сағат  19.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (температураның төмендеуінен) Астана қаласынан барлық бағыттарға дизельдік және қоғамдық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауа райының нашарлауына байланысты (температураның төмендеуі) барлық бағыттарға дизельдік және қоғамдық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

 Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (температураның төмендеуі) «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж учаскесінде (205-259 шақырымы) Шідерті ш. Ақмола облысы шекарасына дейін дизельдік және қоғамдық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған.

Сонымен бірге  «Омбы-Майқапшағай» а/ж учаскесінде (426-587 шақырымы) Кенжекөл ш. Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейін дизельдік және қоғамдық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған.