12:24, 24 Қыркүйек 2013
Республиканың бірқатар өңірі жылу беру маусымына дайындықты кешеуілдетуде
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Республиканың бірқатар өңірі жылу беру маусымына дайындықты кешеуілдетуде.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті. «Толықтай алғанда жылу беру маусымына дайындық ұйымшылдықпен жүргізілуде. Бұған қоса жылу беру кезеңінің өтуіне теріс әсер етуі мүмкін бірқатар проблемалы мәселелер де қалып отыр», - деді ол. Вице-министрдің атап өтуінше, елдің бірқатар энергия көзіндегі жұмыстар белгіленген кестеден кейін қалып отыр. Олар: Соғры ЖЭС, Риддер қаласының ЖЭС-і, Қазатомөнеркәсіп ЖЭС-1, Астана ЖЭС-і. Екібастұз ЖЭС, «АлЭС» Ақбатыс жылу кешені бойынша жұмыстар кешеуілдетіп жүргізілуде. Бұған қоса Рудный, Арқалық жылу стансаларында да жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының тек ағымдық жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген. «Толықтай алғанда, Қазақстан бойынша ағымдағы жылғы жылу желілерін жөндеу өткен жылмен салыстырғанда біршама жақсы жүргізілуде. Дегенмен Астана, Алматы және Көкшетау қалалары бойынша жұмыстардың арта қалуы байқалады. Сонымен қатар жылу желілерінің тозуының артуы жалғасуда», - деді Б.Жақсалиев.