Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық болады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ұйтқуы 25 м/с-қа жетеді, бұршақ жауып, түнде және күндіз тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында түнде кей жерлерде жел тұрып, күндіз ұйтқуы 15-20 м/с-қа жетеді, күн күркірейді, тұман түседі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, күн күркірейді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе олыстарында, түнде Атырау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.