деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына келетін ағын бірте-бірте ұлғая түседі.