Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінің Шардара су қоймасынан төменгі сағасында Шардарадан су ағыны ұлғаюына байланысты су көлемі көтеріледі. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігіндегі кейбір су нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлеріндегі өзендерде гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.