Республиканың кейбір аймақтарында ауа райы -40 градусқа дейін күшейеді деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ауа райына сенбі күні, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы ауа-райына жексенбі күні де циклон әсер ететін болады, онымен бірге қар, боран, 15-20 м/с жел, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында мұзтайғақ және температураның нормадан жоғары болуы күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Жексенбі күні түнгі температура республиканың батысында - 22-30º аязға дейін; ал дүйсенбі күні шығыста және орталықта 30-35º дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 15-20 дейін, кей жерлерде - 25-30º аязға дейін төмендейді. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында аяз - 40º дейін күшеюі мүмкін. Осындай температура климаттық нормадан 8-15º төмен болады», - делінген хабарламада.