Бұл туралы «Қазгидромет» орталығынан хабарлады.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, оның екпіні 15-22 метр/секунд жылдамдыққа жетуі мүмкін. Күндіз кейбір аудандарда бұршақ жауады деп күтілуде.
Ал Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде Қостанай облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел тұрады, оның екпіні 15-20 метр/секундқа дейін жетеді. Қызылорда облысында дауыл тұруы ықтимал.
Маңғыстау және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Қарағандының оңтүстік-батысында өрт шығу қаупі төтенше жоғары.