Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы, ұйытқыған жел соғуы мүмкін, тек республиканың оңтүстігінде және батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Қарағанды облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.