Республиканың оңтүстігінде үсік жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері еліміздің оңтүстік өңірлерінде үсік жүретіндігі жөнінде ескерту жариялады.

Комитеттің ресми сайтындағы материалдарға қарағанда, 6-қараша күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, облыстарында ауа температурасы 0,-5°С болады, кей жерлерде ол тіпті -11°С-ге дейін жетуі мүмкін.