Республиканың пенитенциарлық жүйесінде Астана күні мерекесіне арналған мәдени қоғамдық шаралар өткізілуде
10:42, 03 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республиканың пенитенциарлық жүйесінде Астана күні мерекесіне арналған мәдени қоғамдық шаралар өткізілуде,
деп хабарлады Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз орталығы.
Барлық түзету мекемелеріндегі сотталғандар арасынан өткізілген жазғы спартакиада аясында футбол, волейбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлері бойынша командалық жарыстар жалғасып жатыр, мерекелік концерттер болады, «Астана - Қазақстанның астанасы» атты ең жақсы сурет таңдалатын шығармашылық байқаулар өтеді.
Барлық спорт түрлері бойынша жеңіске жеткендерге грамоталар мен кубоктар берілетін болады.