деп хабарлады ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Жоспарлы шараның негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды ұстау режімін нығайту және жедел жағдайды сауықтыру болмақ. Сондай-ақ колонияға тйым салынған заттардың (есірткі, спирттік ішімдіктер, ұялы телефондар) енуі арналарының жолын кесу жұмыстарын жандандыру.
Бұл шарада көзделген міндеттерді орындауға ІІМ барлық ішкі әскерлер аумақтық бөліімшелері, жергілікті жерлердегі әкімшілік полициясы, сондай-ақ ІІМ-нің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымына бақылау комитеті жұмылдырылды.
Ұйымдастыру жұмыстарын дер кезінде шешу үшін ҚАЖ комитетінің жедел штабы құрылды, оның құрамына тәжірибелі қызметкерлер енді. Бұндай штабтар барлық аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі басқармаларында құрылуда.
Республикалық «Қадағалау» режімдік-алдын алу шараларының қорытындылары ағымдағы жылғы сәуірдің 3-інде Әділет министрлігінде өтетін республикалық бейнеселекторлық кеңесте шығарылады, деп атап көрсетті ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.