деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Акция аясында түзету мекемелерінде спорттық жарыстар, сауалнамалар мен конкурстар өткізіледі, дәрістер оқылады.
Осынау өзіндік антивирустық марштың алғашқы шараларының бірі Алматы тергеу абақтысында өтті. Мекеме бастығының орынбасары Омаржан Тоқтиевтің айтуынша, Алматы қаласының ЖҚТБ-орталығының эпидемиолог-дәрігері Нұрлан Дүзімбетов сотталғандармен осынау өткір тақырыпқа әңгіме жүргізді. Одан кейін сотталғандардың арасында АҚТҚ-ЖТҚБ індеттерін жұқтырудың алдын алу шарттарын білуге арналған конкурс өткізілді.