Республиканың пенитенциярлық жүйе мекемелерінде «Құқық тәртібі» операциясы басталды

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Тамыздың 25-і мен қыркүйектің 5-і аралығында республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде «Құқық тәртібі» операциясы өтеді,

деп   хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Бұл  шараның мақсаты   - мекемелердегі  жедел  жағдайды сауықтыру,    сотталғандардың арасындағы құқық бұзушылықтар  мен  қылмыстық оқиғалардың алдын алу,  сондай-ақ   түзету мекемелеріне тыйым  салынған    заттарды, оның ішінде есірткі  заттарын  өткізу арналарын   жою    болып табылады.

Қылмыстық-атқару  жүйесінің  жеке  құрамы «Құқық тәртібі»    операциясы  барысында    күшейтілген жұмыс   режиміне ауыстырылып  отыр.