Республиканың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін - 19 мамырға арналған ауа райы

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша,

19 мамырда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың шығысы мен оңтүстік және оңтүстік-шығысында жекелеген жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жауады.

Атырау облысының жекелеген жерлерінде құмды дауыл болады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Қостанай облысының жекелеген жерлерінде күндіз және түнде тұман болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-3 градусқа дейін ызғар сақталады.

Республиканың оңтүстігінде жекелеген жерлерде жоғары өрт қаупі  сақталады.

Алдағы 3 тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады, Алматы облысының жекелеген аудандарында жаууы ықтимал жаңбырға байланысты су басу жағдайлары болуы мүмкін.