Соған байланысты республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде бұршақ жауып, найзағай ойнайды, күшті жел соғады. Бұл туралды Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Республиканың батысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде тұман болады.
Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Алматы облысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман болып, күн қатты ысиды. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Жамбылдың солтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағандының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде Алматы облысының таулы өзендерінде болуы ықтимал нөсерлі жаңбырларға байланысты су басу қаупі болады, тауларда сел жүруі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының жекеген өзендерінде жаңбыр салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.