Ал батыс бөлігіне жоғары қысымды ағымдар ықпал етеді деп күтілуде, мұнда ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады.
Мәселен, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.
Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен соққан желге шаңды боран араласады.
Ал Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында қатты ыстықтар күтілуде.
Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында сондай-ақ, қатты ыстық, Атыраудың кей өңірлерінде аптап ыстық болады.
Сонымен бірге бүгін, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталады.