Республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауады деп күтілуде - 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысы атмосфералық ағымдардың ықпалында қалады, соған байланысты кей жерлерде қар жауып, еліміздің шығысында қарлы боран аралас жел соғады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында жекелеген жерлерде қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Ақтөбе облысында қарлы бұрқасын аралас жел болады.

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ орнап, желдің екпіні 17-22 м/с-ті құрайды.

Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында тұман түседі, Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.