Астана қаласында солтүстік-батыстан 15-20 м/с-ке дейін жел соғады.
Республиканың солтүстік, солтүстік-шығысында күшті циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындарға орай жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен орталықта кейбір жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде, күндіз Жамбыл және Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с-ке дейін жел соғады, Ақмола облысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, батыс бөлігінің кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде.