Республиканың солтүстігінде қар, қарлы бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде - 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігі, оңтүстік-батысы атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, соған байланысты еліміздің солтүстігінде қар жауып, қарлы бұрқасынмен екпінді жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ орнайды деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында - жекелеген жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал. Қызылорда, Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-23 м/с-ты құрайды.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.