Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында түнде қатқақ түседі.
Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы, Атырау облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.
Түнде және таңертең Ақмола және Қостанай облыстарында тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен батысында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.
Жақын тәуліктерде таулы аумақтағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.