Республиканың солтүстігінде жаңбыр күтіледі, түнде жаңбырдың қарға ұласуы, желдің күшеюі мүмкін - 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен бірге солтүстікте жаңбыр күтіледі, түнде жаңбырдың қарға ұласуы, желдің күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Оңтүстікте найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз жел 15-20 м/с дейінгі екпінде болады. Павлодар облысында күндіз секундына 17-22 метрге дейін жел соғады деп күтілуде.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде өрт қауіптілігі жоғары болады деп күтілуде.

Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 2-і аралығында республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Жайық өзенінде су деңгейлерінің шағын көтерілулері (тәулігіне 1-5 см) байқалады. Жазық аумақтың басқа өзендерінде көктемгі тасқындар толқынының басылуы жалғасады.