Олар - түрлі себептермен орта білім ала алмаған, бірақ тегін білім алуға конституциялық құқықтары бар тұлғалар.
Пенитенциарлық жүйенің бас ведомствосынан хабарлағандай, барлық түзету мекемелерінде бүгін дәстүр бойынша Білім күні өтеді. Оған жергілікті білім органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, сондай-ақ сотталушылардың жақындары мен туыстары қатысады.