Республиканың үш облысында астықтың 30 пайызы жиналды - АШМ

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанның үш облысында егін орағы жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін астықтың 30,2 пайызы жиналды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, республиканың оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарында 704,5 гектар жерден астық жиналды. Бұл - аталған аймақтарға кіретін егін алқаптарының 30,2 пайызы. Облыстардың мәліметіне сәйкес, бір гектардан 16,5 центнер астық шығып жатыр.