Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауып, арты боранға ұласып, жол көрінбей қалуына байланысты «Мамлютка-Қостанай» (0-180 шақырым); «Челәбі-Новосібір» (465-655 шақырым); «Петропавл-Соколовка-Есіл» (11-73 шақырым); «Жезқазған-Петропавл» (719-954 шақырым); «Астана-Петропавл» (341-473 шақырым) автожолының учаскелерінде көліктің барлық түріне жол қозғалысы тоқтатылды.
Қостанай облысында боран салдарынан «Қарабұтақ-Қостанай» (231-563 шақырым); «Денисовка-РФ шекарасы» (0-174 шақырым) автожолдары учаскелерінде көліктің барлық түріне жол қозғалысы шектелді.
Ақтөбе облысында толассыз қар жауып, бұрқасындатуына байланысты «Қарабұтақ-Комсомол» (89-231 шақырым) а/ж учаскесінде автокөліктердің барлық түрлеріне жол қозғалысы жабылды.