Республиканың жекелеген аумақтарында найзағай аралас жаңбыр мен екпінді жел сақталады - 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Республиканың басым аумағы атмосфералық ағымдардың ықпалында қалады, соған байланысты жекелеген жерлерде найзағай аралас жаңбыр мен екпінді жел сақталады.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында құмды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында және Алматы облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды деп күтілуде.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы сақталады.