Республиканың жеті аймағында автожолдар учаскелері жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың жеті аймағында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар учаскелері жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

(Астана қаласы)

12 қаңтарда сағат 20:40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын көрінімнің шектелуі) «Астана-Қарағанды» автожолында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

(Ақмола облысы)

12 қаңтарда сағат 20:40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көрінімнің шектелуі, бұрқасын) «Екатеринбург-Алматы» автожолының учаскесінде (1275-1353-ші шақырымдар, Астана қаласы-Қарағанды облысының шекарасы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

(Ақтөбе облысы)

12 қаңтарда сағат 19:35-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын) жергілікті маңыздағы «Хромтау-Бадамша» автожолында (0-45-ші шақырымдар, Хромтау қаласы-Бадамша кенті) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

(Шығыс Қазақстан облысы)

12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінімнің шектелуі) облыстық маңыздағы автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:

- сағат 15.30-дан бастап «Аягөз-Қарауыл» (0-100-ші шақырымдар);

- сағат 17.00-ден бастап «Күршім-Қалжыр» (0-131-ші шақырымдар).

(Қарағанды облысы)

12 қаңтарда сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын) барлық бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

(Қызылорда облысы)

11 қаңтарда сағат 19:45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр) «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы) автожолының учаскесінде (12-216-шы шақырымдар, Қызылорда қаласы-Қарағанды облысының шекарасы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

(Павлодар облысы)

12 қаңтарда сағат 20:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінімнің нашарлауы) автожолдар учаскелерінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:

- «Қызылорда-Павлодар» (1135-1206-шы шақырымдар, Шідерті кенті- Қарағанды облысының шекарасы)

- «Қалқаман-Майқайың-Баянауыл-Үміткер- Ульянов» (138-231-ші шақырымдар, Баянауыл кенті-Қарағанды облысының шекарасы).