Республиканың жол полицейлері жол-көлік оқиғаларының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күнін атап өтеді

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - 21 қарашада Қазақстанда жол полициясы қызметкерлері ЖКО құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күніне арналған бірқатар профилактикалық акциялар мен іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияның мақсаттарыжолдардағы өлімнің жан түршігерлік кең ауқымына және жол қозғалысының барлық қатысушылары ықтималдық қауіп-қатеріне назар аудару; өзара құрмет көрсету, жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жүргізуші мәдениетін жоғарылату тұрғысында жол қозғалысы қатысушыларының сана-сезімін өзгерту идеяларына қуатты қоғамдық қолдау жасау; ЖКО-да қаза тапқандарды еске алып, ауыр қазаны тартқан отбасылардың қайғыларына ортақтасу; жол апаттарының отбасыға және қоғамға әсер ету сипатына назар аудару және апаттан кейінгі жақсартылған қамқорлық пен қаза тапқандардың отбасылары мен жарақат алғандарды қолдауды қажет ету; жол апаттарында ата-аналарын жоғалтқан балалар үшін олардың зардаптарына жұртшылықтың назарын аудару және жол апаттарын болдырмауға қолдан келетін үлесті қосуға барлығына мүмкіндік беру - ЖКО құрбандарына көмек көрсету қажеттілігі бойынша жұртшылықтың пікірін қалыптастыру (құқықтық, материалдық, рухани).

Анықтама үшін: БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес қарашаның үшінші жексенбісінде ЖКО құрбандарын Бүкілдүниежүзілік еске алу күні атап өтіледі. Идея, осы күнді 1993 жылдан бастап атап жүрген ЖКО құрбандарына көмек көрсететін британдық қайырымдылық қоры RoadPeace-ден келді. Көп жылдар бойы ЖКО құрбандарының Еуропалық федерациясына қосылған ұйымдар осы күнді ЖКО құрбандарын еске алудың Еуропалық күні ретінде атап жүрді. 1998 жылы еске алу күні Еуропа шекарасынан шығып, басқа құрылықтарда да пайда болды, ал 2005 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы өз Қарарында бүкіл әлем бойынша барлық мүше-елдерді ЖКО құрбандарын Бүкілдүниежүзілік еске алу күнін тануға шақырды.