Ретро стильдегі дауыс: cемейлік қыздар сайлауға ерекше образбен келді
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласының тұрғындары Еркежан Сағимоллаева мен Еркежан Тұрлыбек сайлау учаскесіне ретро стильдегі киім үлгісімен келіп, өз таңдауларын жасады.
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі
Олардың айтуынша, Семей — тарихы терең, мәдени мұрасы бай қала. Сондықтан олар дауыс беру күніне ерекше мән беріп, қаланың тарихи келбетін ретро образ арқылы көрсетуді жөн санаған.
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі
— Семей — тарихы бай қала. Қаламыздың өткенін, ерекше атмосферасын жақсы көреміз. Сондықтан бүгінгі дауыс беру күніне ретро стильде келуді жөн көрдік. Бұл біз үшін жай ғана образ емес, туған қаламыздың тарихына деген құрмет. Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймыз, — деді Еркежан Сағимоллаева.
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі
Айта кетейік, Еркежан Тұрлыбек бүгін алғаш рет дауыс берді.
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі
Сайлау күні семейліктер азаматтық белсенділік танытып қана қоймай, шығармашылық көзқарастарымен де ерекшеленуде.
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.