деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дәстүрлі бұл шараны бұл жолы «Мұрагер» продюсерлік орталығы Қазақ радиосымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Биыл төртінші рет өтетін жоба ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдары қазақ эстрадасы көгінде жарқыраған жұлдыздарды және олардың таңдаулы әндерін насихаттауды көздейді. Сол хиттардың, сол әншілердің музыка саласы қарқындап дамып бара жатқан қазіргі кезде де қатардан қалмай, кейде тіпті танымалдығы мен сұранысы жағынан заманауи туындылардан асып түсіп жататыны - олардың өміршеңдігін, сапалылығын байқатса керек», дейді режиссер Асқар Наймантай. Оның айтуынша, бұл кешке қазақ эстрадасының жұлдыздарынан - Роза Рымбаева, Ақжол Мейірбеков, Сембек Жұмағалиев, Айткүл және Қанат Құдайбергеновтар, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Айжан Нұрмағамбетова, Гүлнар Сиқымбаева, Абит Қалиев, Жеңіс Ысқақова қатысады. Сондай-ақ «Айгүл», «Қаракөз», «Алтын дән», «Жібек жолы», «Дәрібаевтар» ансамбльдері мен «Беймарал» күлкі компаниясы қатысады деп жоспарлануда.