«Біз ревакцинация кезінде алдыңғы екі дозаға ұқсас вакцинаны салдыруға кеңес береміз. Бүгінгі күні бізде вакцинаның екі түрі бар: инактивацияланған және векторлық вакцина. Векторлық - «Sputnik V», қалғаны - инактивацияланған вакциналар. Бұл ретте векторлық вакцина алған адамдар - тоғыз айдан кейін инактивацияланған түрімен қайта вакциналанады, ал инактивацияланған вакцина алған адамдар - алты айдан кейін векторлық түрімен қайта вакциналанады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қандай вакцинамен қайта вакциналануға болатынын айтты.
«Үшінші дозаны кез келген емханада немесе вакцинация пунктінде алуға болады. Егер инактивацияланған дозаны алсаңыз, онда векторлық дозаны алуды ұсынамыз», - дейді спикер.