Ревакцинациядан өтуі тиіс адамдар санаты кеңейтілді –қаулы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша кронавирусқа қарсы ревакцинация қабылдайтындардың қатары кеңейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

Аталған қаулының бұрынғы редакциясында 129 тармақ мынадай мәтінмен жазылған болатын:

«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады». Енді осы тармақ былай өзегртілмек:

«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі», - деп жазылады.

Ал алгоритмінің 130-тармағы мынадай редакцияда жазылмақ:

«КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

1) медицина қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) педагогтар;

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан адамдар».

Бұрынғы редакцияда 130-тармақ ымнадай мәтінмен жазылған еді:

«КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі».

Қаулы 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Құжаттың мәтінін мына жерден көруге болады.

Бұғна дейін ревакцинация үшін Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынаатынын жазған едік.