«Алматылық дәрігерлер халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау идеясын толық қолдайды. Себебі ревакциналау ұжымдық иммунитетті күшейтеді. Әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптасқан жоқ, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, инфекцияның одан әрі таралу қаупі бар», - дейді спикер.
Сонымен қатар, ол COVID-19 оңай өзгеріп, мутацияланатынын және көбейетінін еске салды. «Халықты қайта вакциналау алгоритмі бар. Вакцина салу ерікті түрде жүргізіледі. Екпені қалада жұмыс істейтін 137 пункттің кез келгенінен алуға болады. Азаматтарға коронавирустың үшінші вакцинациясын бірінші курс толық аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін жасау ұсынылады. Антидене деңгейін алдын-ала анықтау қажет емес», - деді ол. Эльвира Ибрагимованың айтуынша, иммунитеті әлсіз, созылмалы ауруы бар және қарт адамдарға ревакцина жасауды ұсынды.
«Бірінші кезекте коронавирусқа осал азаматтардың санаттары: медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдарының өкілдері қайта вакцина ала бастайды»,- деді спикер.