Реванш алдында Головкин қиын жағдайда қалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс сарапшысы Шон Джонс Boxingnews24.com сайтында жарияланған мақаласында қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге мексикалық Сауль Альвареске қарсы реваншы тиімсіз екендігін жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Шынтуайтында, Головкиннің қолынан көп нәрсе келеді дей алмаймын. Егер Golden Boy компаниясындағылар қазақстандықтың қартаюын күтіп немесе ақшаны көбірек күреп алуға шешім қабылдаса, Головкин жалпы жағдайға ықпал ете алмайтындай тығырыққа тіреледі. Оның үстіне, Лемье егер Сондерсті жеңіп, WBO титулын алса, «Канело» мен Де ла Хойя үшін одан да ыңғайлы жағдай туындайды, яғни олар шешім қабылдағанға дейін Головкиннің жасы келіп қалады. Golden Boy мен «Канело» GGG мен Леффлердің алдына қалағанша талап қояды. Егер қазақстандықтың командасы олардың айтқанына жүрмесе, Альварес 5 мамырда Головкинмен реванш өткізудің орнына Лемьеге қарсы шаршы алаңға шыға салады. Бұған мексикалыққа WBO титулын жеңіп алу мүмкіндігін қосыңыз.

Егер оқиғалар бұлай өрбитін болса, «Канело» GGG-ге қарсы реваншты талапкер емес, чемпион ретінде өткізу құқығын береді. Бұл - реваншты Альвареске тағы да қолайлы ете түседі. Демек, Головкинге түсетін қысым еселене бермек. Өйткені 5 мамырда Альварес - Лемье жекпе-жегі өтетін болса, GGG қауіпті қарсылас Джермалл Чарлоға қарсы шаршы алаңға шығуға мәжбүр болады», - деп жазады Джонс.