Бұдан бұрын мексикалық Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен 10 сәуірге дейін уақытша спорттан шеттетілген еді. Ол екі жылға дейін рингке шыға алмауы мүмкін.
«Комиссияның шешіміне қарамастан, Геннадий 5 мамыр күні бәрібір айқасады. Тіпті, «Канело» спорттан шеттетілсе де. Мұндай жағдайда біз оған дейін ең жақсы курсты таңдаймыз, бірақ GGG 5 мамырға дайындалып жатыр. Біз Билли Джо Сондерсті немесе тағы басқа спортшыларды қарайтын едік. Бірақ, ол «Канело» болады деп үміттенемін. Егер олай болмаса, біз барлық нұсқаларды салыстырып, HBO және MGM-мен (T-Mobile Arena иелері) талқылаймыз», - деді Леффлер ESPN-ге берген сұхбатында.