Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік шаралар барысында карантиндік талаптарды сақтамаудың 472 оқиға тіркелген.
Атап айтқанда, 15 тұрғын үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мәселен, Арыс ауданында полицейлер бір күн ішінде жергілікті тұрғындардың отбасылық және үйлену тойларын ұйымдастыруының 3 фактісін анықтады. «Монтайтас кентінің тұрғыны өз үйінде «қыз ұзату» іс-шарасын өткізсе, тағы екі тұрғын «беташар» ұйымдастырған. Барлық анықталған жайттар бойынша материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Арыс қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілген» делінген хабарламада.