Рейхстагқа шабуылдың ең соңғы қатысушысы қаза тапты

АСТАНА.ҚазАқпарат - Петерборда 94 жасына қараған шағында ҰОС ардагері, Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы жауынгер Николай Беляев өмірден озды, деп хабарланды «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде ардагерлерді қолдау тобында.

Беляев Рейхстагқа ту тіккен 756-шы полктің комсоргы болған.

1945 жылы 2 мамырда кеңес әскері 1945 жылғы 16 сәуір мен 8 мамыр аралығында жүргізілген Берлин шабуылдық операциясы барысында Германия астанасын толықтай басып алған болатын. Жеңіс жалауы 1945 жылы 1 мамырға қараған түні Рейхстаг ғимаратына тігілді, деп жазады РИА Новости.