Режеп Тайып Ердоған: Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап ретінде Twitter-де жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Президент Тоқаев, игі ниеттеріңіз үшін өз атымнан және Емине ханым атынан рахмет айтамын. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын» деп жазды Түркия басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайына коронавирус инфекциясынан тезірек сауығып кетуін тілеп, пост жазған еді.