«Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен түсірілетін кино «Ликвидатор» деген атқа ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған дейін «Рэкетир» мен «Заблудившийся» кинотуындыларын экранға сәтті шығарған Ақан жаңа фильмінің түсірілімін ақпанның 15-де қолға алмақ. Жобаның сценарийін Тимур Жақсылықов жазған, ол осыған дейінгі «Рэкетир» сценарийінің де авторы болған. Басты рольдерде Берік Айтжанов пен Қарлығаш Мұхамеджанова ойнайтын болады.
Киноның оқиға желісі бойынша, Арсен есімді жас жігіт ағасының өліміне байланысты тергеу жүргізеді. Қайғылы оқиғаның түп-төркіні тым әріде жатқанын ұққан басты кейіпкер істі ақырына дейін жеткізуге бел байлап, қауіп-қатерге басын тігеді. Алдын ала ақпараттар бойынша бұл фильмге ресейлік актер Сергей Никоненко да қатыспақ.