Режиссёр Кэмерон «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде Билл Пэкстонды еске алуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанатында келген қонақтар мен қатысушылар өмірден озған американдық актер Билл Пэкстонды еске алуы тиіс.

Бұл туралы голливуд  режиссёрі Джеймс Кэмерон айтты.

«Мен «Оскар» салтанаты кезінде адамдар осы тамаша жанды бірауық еске алуға уақыт табатын шығар деп сенемін. Ол экран арқылы бізге қуаныш сыйлап қана қоймай, өзінің аса биік адамгершілік қасиеттерін де көрсете білді. Мен оны сағынатын боламын»,-деген Кемеронның  сөзін келтіреді Vanity Fair.

Бұдан бұрын  АҚШ-та 61 жастағы Билл Пэкстонның 61 жасында өмірден озғаны  хабарланған болатын.

Оның жағдайы ота жасағаннан кейін күрт нашарлаған.

Пэкстонның ең танымал жұмыстары - "Чужие" (1986), "Хищник 2" (1990), "Правдивая ложь" (1994), "Аполлон 13" (1995), "Смерч" (1996)  және "Титаник" (1997).

Актердің соңғы фильмі өткен жылы шыққан "Жестокие мечты" болды.