Режиссер қойылым кезінде ұйықтап қалған көрерменді қуып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Киров қаласында актер, режиссер және драматург Евгений Гришковец қойылым кезінде ұйықтап қалған көрерменді театр залынан қуып шықты. Оқиға 27 наурызда болған. Бұл туралы «Pro Город Киров» сайты хабарлады.

Гришковец қалаға «Шепот сердца» қойылымын апарды. Ол ойынды екі рет тоқтатып, кедергі келтірген көрермендерден кетуін сұрауға мәжбүр болды.
Бастапқыда актер тыйым салынғанына қарамастан, суретке түсіріп жүрген фотографты қуып шықты.
Қойылым соңында актер ұйықтап қалған көрерменді оятты. Гришковец көрермен ұйықтап отырса, актер рөлде ойнай алмайтынын батырып айтты.

Әртістің сөзіне қарағанда, ұйықтап қалған қонақ, қаладағы белгілі жас диджей көрінеді.
Ол қалған көрермендерден бұл қылығы үшін кешірім сұрады.