«Биылқалалар мен ауылдардағы медициналық кадрларға деген сұранысқа қарай 18 мамандық іріктеп алынды.Осы мамандықтар бойынша 2019-2020 оқу жылында резидентураға мемлекеттік грантбөлу жоспарлануда. Биылдан бастап резидентура мамандықтарының тізімі денсаулықсақтау жүйесінің және тұрғындардыңқажеттілігіне қарай жасалады», - делінген министрлік мәліметінде.
Мәселен,резидентурада «Отбасылық медицина» деген жаңа мамандық ашылды. Міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізілгеннен кейін, Медициналық-санитариялықалғашқы көмек (МСАК )жүйесі бойынша кәсіпаралық команданың орнын отбасылықдәрігер алмастыруы тиіс. Бұл мамандардың міндеті мен жалақысына да әсер етеді.Отбасылық дәрігер кез келген жастағы және кез келген пациентке жедел, сапалымедициналық көмек көрсетеді.
Алдағы екіжылда резидент-түлектердің есебінен бірқатар мамандықтарға(акушерлік-гинекология, пульмонология, офтальмология, отоларингология,кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, спорттық медицина, аллергология,гематология) деген тапшылық жойылады деп жоспарлануда.
Әлемдерезидентура білімі - тәжірибеге негізделген. Сондықтан резидентурадағы оқукөбіне аурухана, емханада өтеді. Осыған байланысты резидентураға дайындықтың форматы жаңартылды. Енді оқу тікелей жұмыс орнында өтеді. Түлектердіңболашақ қызмет ететін жерін алдын ала белгілеп, бірден жұмысқа орналасуынакепілдік беру жоспарлануда. Резидентураға түскен адам оқу орны және Денсаулықсақтау басқармасымен үш жақты шарт жасауы тиіс.
Резидентурабойынша мемлекеттік грант бөлудің жаңа әдістемесі сапалы кадр дайындауға әсеретеді. Сондай-ақ, резидентті жұмысқа орналастыру мәселесі де шешіледі. Алмемлекеттік білім грантының конкурстық іріктеуінен өтпеген түлектер өңірлердегіжергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша резидентураға түсе алады. Бұлшаралар ауыл мен қаладағы кадртапшылығын жоюға, мемлекеттік грантпен оқығандардың кемінде 3жыл ауылда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Естеріңізгесала кетейік, медицина кадрларын жоспарлау және резидентураға мемлекеттік білімгрантын бөлу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіреді. 2016 жылданбастап жыл сайын резидентураға мемлекеттік тапсырыс бойынша 1500 орын бөлінеді.