деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
Каспийдің оңтүстік жағалауындағы Бендер-Энзели ирандық айлағына жақын маңда өтіп жатқан жаттығуларға Ресей әскери кемелері емес, ТЖМ күштері қатысты. «Таза және қауіпсіз Каспий үшін» деген ұранмен өтіп жатқан жаттығуларға 30 кеме, екі тікұшақ және 500-ден астам адам қатысуда. Оқу-жаттығуларды Каспий маңындағы басқа мемлекеттердің - Әзірбайжанның, Қазақстанның және Түрікменстанның делегациялары бақылады.