РФ азаматына 100-ге жуық әйелді зорлады деген күдік тағылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы қараша айында Беларусияда ұсталған Ресей азаматына 100-ге жуық әйелді зорлады деген күдік келтірілуде.

Бұл туралы ТАСС-қа облыстық атқарушы комитеті министрлігінің Ішкі істер бөлімінен хабарлады.

"Күдікті - Ресей азаматы 20 жылда жүзге жуық әйелді зорлағанын айтып отыр. Оның әрекетінен жапа шеккендердің шамамен жартысы ғана белгілі болды, қазір қалғандары кім екені анықталу үстінде", - деп атап өтті облыстық милицияда.

ІІБ-да бұл жерде өткен жылы қараша айында Брест және Минск аумағында бірқатар зорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталған 45 жастағы Ресей Федерациясының азаматы туралы сөз болып отырғанын түсіндірді. Санкт-Петербор тұрғыны Брест облысында тұратын туыстарына жиі барған.  "1994 -2014 жылдар аралығындағы осы сапарлар барысында ол зорлық-зомбылықты іске асырып отырған", - деп атап өтті ІІБ.

Құқық қорғаушылардың ақпаратынша, күдіктінің әрекетінен түрлі жастағы нәзік жандылар жапа шекті. Солардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар.