ПРАЙМ-ның хабарлауынша, мұндай пікірді бүгін Ресей Банкі төрағасының орынбасары Сергей Швецов Федералды инвестициялық форумда мәлім етті.
«Менің ойымша, алдағы бірнеше жылда бірыңғай валютаға қосылу туралы мәселе күн тәртібінде болмайды. Бұл менің сарапшы ретіндегі пікірім», - дейді шенеунік. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан және Беларуспен бірыңғай валюта туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ, деп хабарлайды Росбалт.