РФ билігі украиндық «Лыбидь» жер серігін «Байқоңырдан» ұшыруды қамтамасыз етуге тапсырма берді

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - РФ үкіметі украиндық «Лыбидь» ғарыштық аппаратын «Байқоңырдан» ұшыруды қамтамасыз етуге тапсырма берді,

деп хабарлайды РБК.

Тиісті өкімге РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев қол қойды, деп мәлімдеді министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Лыбидь» телекоммуникациялық аппаратының «Зенит- ЗSLБФ» зымыран тасығышын ұшыру өкімінің жобасы РФ Федералды ғарыш агенттігімен (Роскосмос) енгізілді. «Лыбидь» ғарыш аппаратының әскери емес, коммерциялық мақсатта қолданылатынын растайтын сертификат та бар.

Аталмыш жер серігін іске қосуды космостық аппараттарын ұшыруды сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жетекшілігімен «Роскосмос» мамандары қамтамасыз етеді. Ғарыш аппаратын қажетті орбитаға енгізген соң, ол Украинаның ұлттық регистріне қосылатын болады.