Шенеуніктер бұл бағалардың өсіміне әзірше еш әрекет жасамайды, бірақ мұнайшыларға деген наразылықтар жақын уақытта туындауы мүмкін. Қаңтар айында Энергетика министрлігі мен мұнай компаниялары президенттік сайлаудың аяқталуына дейін жанар-жағармай материалдарына бөлшектенген бағаларды тежеуге келісті. Өзінің жанармай құю стансаларындағы бағаларды ауыстыруға кіріскен бірінші компания «ЛУКОЙЛ» болды. Наурыз айының аяғында ол бағаны 25 тиынға көтерді. «Кортес» ақпараттық-сараптамалық орталығының мәліметтерінше, Ресейдегі АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 5 мамыр күні бір литр үшін 26,57 рубльді құрады (17 наурызға қарай тағы 19 тиын қосылды), Аи-95 маркалы бензиннің бағасы бір литр үшін 26,57 рубль болды (оған 30 тиын қосылды). Қазіргі уақытта мәскеу маңындағы ең қымбат жанармай (Аи-95) 29,97 рубль тұрады. Бензиннің бұл түріне деген ең арзан баға - 28,86 рубль.
15:46, 11 Мамыр 2012
РФ-да бензиннің бағасы 30 рубльден асуы мүмкін
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Мамыр айында АИ-95 бензинінің бір литрі үшін бағасы 30 рубльге жақындады, бұл ретте Мәскеудегі ең қымбат жанармай «ЛУКОЙЛ»-дың көлікке жанармай құю орындарында сатылады, деп хабарлайды Утро.ру.