РФ-да лаңкестер үшін өлім жазасына мораторийді алып тастауды ұсынады

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Федерация Кеңесі комитеті төрағасының орынбасары, Ресей ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Александр Чекалин лаңкестер үшін өлім жазасына мораторий алынып тасталуы тиіс деп есептейді,

деп хабарлайды РБК.

Жаңалық агенттігінің дерегінше, А.Чекалин Домодедоводағы лаңкестікке түсінік бере отырып, «лаңкестер үшін өлім жазасына мораторийді алып тастау туралы ұзақ мерзімді халықаралық келіссөздерге кірісу керек» деп сенімділік білдіреді.

«Ресей мұндай біржақты шешім қабылдамауы керек, бұл шешім ұзақ мерзімді кеңестерден кейін қабылданатын халықаралық мәнге ие болуы тиіс», - деді ол бұл жөнінде.