Полиция, сондай-ақ әртүрлі мамандар Березовскийдің өлімінің себептерін анықтауға тырысуда. Бүгін ол қайтыс болған жерден сарапшылар ешқандай химиялық, биологиялық немесе радиоактивті заттарды тапқан жоқ. Өлімнің себебі қаржылық проблемаларға да байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, британдық полиция олигархтың өлімі жайлы қандай-да бір мәлімдеме жасамайды.
Еске сала кетейік, Борис Березовскийдің мәйіті 23 наурызда Лондондағы өз үйінен табылды. Оның өлімінің себебі әзірге белгісіз.