Александр Новак «Ресей-1» арнасына берген сұхбатында мұнай өндіруді өсірмеу шешімін экспортшылар қолдағанын айтты, әлемдік нарықта олардың үлесіне энергия жеткізу көлемдерінің 75 пайызы тиесілі.
Соңғы деректерге сәйкес өндіруді ірку туралы келісімді Ресей, Венесуэла, Сауд Арабиясы мен Катар, сондай-ақ Оман, Алжир мен Нигерия қолдайды.
Новак Иранның осы уағдаластықа қосылатынына үміт артты. Ол бағаның өсуімен күрес аясында мұнай өндіруді ірку бастамасына сенімсіздікпен қарайды, себебі нарықтағы өз үлесін жоғалтып алудан қауіптенеді.